АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Қостанай облысында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта кісі өлтірді деп айыпталған Алик Кунтаевқа үкім шығарылды.
Кунтаев үстелде жатқан пышақты алып, "Қазір бәріңді қойдай бауыздаймын" деп, Буханованың мойынына бірнеше рет пышақ сұғады, содан соң Квашининнің ішіне сұғып, кейін пышақты арқасына тығып кеткен.
Қатты шудан үй иесі – көрші әйел келіп, дәлізден Кунтаевты ғана көреді, ер адам оған "қазір вампирлер шығады" депті.
Көп қан жоғалтқанына қарамастан, Вера Буханова тірі қалды. Ол үйінен 100 метр жердегі ауруханаға өзі барған. Квашинин арқасындағы пышақпен үйіне келіп, сол жерде жан тапсырады.
Әйел күйеуін пышақтап, селфи жасаған
Сот Кунтаевты 18 жылға бас бостандығынан айырды. Квашининнің отбасына 1,5 миллион теңге төлеуі тиіс, Вера Буханова Кунтаевтан материалдық және моральдық шығын үшін өтемақы сұрамады.