Өңірлер

"Қойдай бауыздаймын!": Қостанайда қандықол қылмыскерге үкім шықты

© Photo : StockSnapҚол
Қол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталушы жанжал кезінде екі адамды пышақтаған, олардың бірі қаза тапты

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Қостанай облысында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта кісі өлтірді деп айыпталған Алик Кунтаевқа үкім шығарылды.

Операция - Sputnik Қазақстан
Әлем
Балабақшадағы қанды қырғын: әйел 14 бүлдіршінді пышақтап тастады
Істің материалдарына сүйенсек, Алик Кунтаев 2018 жылдың сәуір айында Құшмұрын ауылының тұрғыны Вера Буханованың үйінде ішімдік ішіп отырады. Отырыс кезінде кикілжің туындаған. Сол сәтте әйел адамға көршісі Владимир Квашинин келіп қалады. Мас ер адамдар төбелесе жөнеліп, Вера Буханова екеуін ажыратпақ болған, деп жазады "Наша газета" порталы.

Кунтаев үстелде жатқан пышақты алып, "Қазір бәріңді қойдай бауыздаймын" деп, Буханованың мойынына бірнеше рет пышақ сұғады, содан соң Квашининнің ішіне сұғып, кейін пышақты арқасына тығып кеткен.

Қатты шудан үй иесі – көрші әйел келіп, дәлізден Кунтаевты ғана көреді, ер адам оған "қазір вампирлер шығады" депті.

Көп қан жоғалтқанына қарамастан, Вера Буханова тірі қалды. Ол үйінен 100 метр жердегі ауруханаға өзі барған. Квашинин арқасындағы пышақпен үйіне келіп, сол жерде жан тапсырады.

Сот Кунтаевты 18 жылға бас бостандығынан айырды. Квашининнің отбасына 1,5 миллион теңге төлеуі тиіс, Вера Буханова Кунтаевтан материалдық және моральдық шығын үшін өтемақы сұрамады.

Жаңалықтар
0