АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Омск қаласының тұрғыны өзіне алдын ала тағайындалған ультрадыбыстық тексеру жүргізуден бас тартқан дәрігерді пернетақтамен ұрып жіберді.
Оқиғаның мән-жайын "СуперОмск" сайты жазды.
47 жастағы әйел дәрігер нұсқауымен УДЗ кабинетіне кіріп, маманға тексерілу үшін келгенін айтады. Бірақ қолындағы қағазда алдыңғы тексерудің нәтижесі сызылып, үстінен қолмен жазылған болып шығады.
Маман әйелді бұл қағазбен қабылдай алмайтынын түсіндіреді. Екеуі біраз сөз таластырып, ашуға бой алдырған әйел қағазды дәрігердің бетіне лақтырып, кейін үстел үстінде тұрған пернетақтамен ұрып жібереді. Оның дәрігерді қатты ұрғаны соншалық, миы шайқалған.
Медициналық қызметкер әйелді сотқа берді. Қазіргі сәтте дәрігер оңалту орталығында ем қабылдап жатыр.