Қоғам

Астанада "жедел жәрдем" операторы телефонмен жүкті әйелді босандырды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Диспетчер қоңырау шалған жүкті әйелге дәрігерлер келгенше қалай тыныстап, не істеу керек екенін айтып отырған

АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы колл-орталығының диспетчері дәрігерлер келгенше жүкті әйелдің босануына көмектесті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел көз жұмды

"103 пультіне шақырту түсті, қоңырау шалған жүкті әйел екенін білген диспетчер дәрігерлер келгенше қалай тыныстап, не істеу керектігін айтып отырды. Нәтижесінде жүкті әйел жедел жәрдем бригадасы келгенше босанды", — деді қалалық жедел жәрдем стансасында.

Медициналық мекеме атап өткендей, баланың салмағы — 3800 грамм, бойы — 51 см. Ата-анасы тұңғыш баласына Ренат деген есім берген. 

"Әйелдің жүктілік кезеңі еш қиындықсыз өтті және босануы да жеңіл болды.  Жедел жәрдем бригадасы келісімен анасы мен баласына алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, кейін оларды перзентханаға жеткізді", — деді мекеме.

Сондай-ақ мекемеде бұл жағдай биылғы жылдың қаңтар айында болғанын атап өтті. 


Жаңалықтар
0