КӨКШЕТАУ, 26 қазан — Sputnik. Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақмола облысында әйелге өз сәбиін өлтірді деген айып тағылып отырғанын хабарлады.
22 қазан күні Степногорск қаласының полицейлеріне көшеден нәресте табылғаны туралы хабар келіп түсті. Полицейлер оқиға болған жерге келіп, сәбидің өлі жатқанын көреді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірден оның анасын іздестіріп, үй-үйді аралап әйелді табады.
"26 жастағы тұрғын сәбиін өзі босанып, кейін оны аулаға алып шыққан. Қазіргі сәтте қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес (Анасының жаңа туған баласын өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайдың мән-жайы анықталуда", — деді полиция департаментіндегілер.
Тергеу барысында жантүршігерлік жағдайдың мән-жайын жария етуге тыйым салынды.
Тағы оқыңыз: Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тіріліп кетті"
Осыған ұқсас жағдай Павлодар облысы Ақсу қаласында болды. Колледж студенті жақындарынан жүкті екенін жасырып, өзі босанған. Кейін шақалағын қоқысқа тастап кеткен. Сәби өлді, ал жас ана ауруханаға жатқызылды.