Спорт

Қазақстандық қақпашы Роналду ойнаған клубтың назарына ілікті

Он алты жастағы Константин Пузанов Фуншал қаласына 5 қарашада барып, ойынын көрсетуі тиіс
Sputnik

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Жас қазақстандық қақпашыны кезінде Криштиану Роналду құрамында ойнаған "Насьонал" футбол клубы ойынын көруге шақырды.

Қазақстандық футболшы алты ай ғана өмірі қалғанын айтты

Бұл туралы Sports.kz Қазақстанның жастар футбол құрамасының қақпашысы Константин Пузановтың өзі айтып беріпті.

16 жастағы Пузановтың айтуынша, Фуншал қаласының клубының көзіне U-17 Еуропа чемпионатының іріктеу жарысында түскен екен. Қазақстандық 5-10 қараша аралығында португал қаласына барып, ойынын көрсетеді.

Бұл клубтың танымал ойыншыларының бірі – Кришитиану Роналду. Ол 1995 жылы осы клубта спорттық мансабын бастаған.

Константин Пузанов соңғы екі жылда Беларусьте ойнап, жаттығып жүр. Спортшы Қарағандыда дүниеге келген, әуелі "Шахтер" клубында ойнап бастапты.