АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) Boxingtalk.com-ға берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Sports.kz.
– "Канело" — GGG рематчы туралы не ойлайсың?
– Жекпе-жекті алғаш рет көргенімде, Головкин үш ұпайға басым болды деп ойладым. Бірақ кездесуді қайта қарап шықтым: бұл жолы жақынырақ отырып көрдім. Егер тең аяқталуы тиіс бір жекпе-жек болса, ол осы жекпе-жек. Не тең нәтиже, не GGG бір раундқа жеңді.
Головкин мен "Канелоның" екінші кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Оның нәтижесінде Альварес төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен жеңіске жетті: 114-114, 115-113, 115-113. Алғашқы кездесу өткен жылы тең аяқталған еді.
Естеріңізге сала кетейік, әлемге әйгілі боксшы Джордж Форман да Головкин "Канелодан" басым түскенін айтқан болатын.
"Төрешілер жекпе-жекті дұрыс бағалай алмайды. Головкинге ұпай саны бойынша жеңісті берсе, әділетті болатын еді. "Канело" оны баяулатып жіберді. Ол оны денесінен ұрып ұпай жинады. Әлбетте Геннадий дәл сондай жауап қайырды. Алайда оның бұл әрекеті — билетті сатып алған бағаға лайық болмады. Мен бұл билетті Головкиннің Канелоны қалай соққы астына алатынын көру үшін алдым. Бірақ бұл болмады", — деді аңыз боксшы.
- Аңызға айналған боксшы Головкин Альваресті жеңгенін мәлімдеді
- Жаңа әлем чемпионы Головкин жайлы аузына келгенін айтты