Спорт

Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейін IBO рейтингінде жаңа орынға жайғасты

© AP Photo / Jae C. HongГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде жеңіліп қалғанына қарамастан, IBO рейтингінде жоғарылады

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik.  Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Осы рейтингке кіретін қазақстандық боксшылар жайлы мәліметті назарларыңызға ұсынамыз:

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко 94-тен 95-ші орынға сырғыды.

Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин Нурмагомедовтің жеңісінен кейін шаршы алаңға "шығып кетті"

Бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі Бейбіт Шүменов 31-ден 32-ші орынға төмендеді, ал Иса Акбербаев 50-ші орынды сақтап қалды. 

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Әли Ахмедов 36-шы орынды иеленді (34-орында болған).

Екінші орташа салмақтағы Айдос Ербосынұлы 92-ші нөмірмен үздік жүздікке алғаш рет кірді.

Қыркүйек айында Сауль "Канело Альварестен" жеңілген орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынға жайғасты, ал Мейірім Нұрсұлтанов үш орын төмен сырғып, 67-ші орынды иеленді.

Бірінші орта салмақтың өкілі Мадияр Әшкеев 96-орынды сақтап қалды.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Бақтияр Эйюбов 92-ден 93-ке төмендеді. Жанқош Тұраров ұйымның рейтингінен шығып қалды. 

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде 29-шы орында қалды.

Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Бекман Сойлыбаев 50-ден 51-ші орынға төмендеді. 


Жаңалықтар
0