Өңірлер

Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасарын атып кетті

Төле би ауданында басшылық қызмет атқаратын шенеунікті үйінің маңында белгісіз біреулер жарақаттаған
Sputnik

ШЫМКЕНТ, 23 қазан — Sputnik. Түркістан облысындағы Төле би ауданы әкімінің орынбасарын белгісіз біреулер атып кетті, деп хабарлады тілшісі.

Шымкент көшесінде атыс: бір адам көз жұмды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың хабарлауынша, оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдіктілер іздестірілуде. 

"Соталды тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілердің тұлғасын анықтау және оларды ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр", — дейді Салтанат Қаракөзова. 

Жарақат алған әйелге медициналық көмек көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан он шақты күн бұрын Шымкентте кәмелетке толмаған бозбалалардың төбелесі кісі өлімімен аяқталған болатын.

Көшеде екі топ бозбала өзара ерегісіп, кикілжің туындаған. Төбелесе кеткен қос тарап кім мықтыны анықтамақ болған көрінеді. Жаппай төбелес кезінде бозбалалардың бірі шолақ мылтықпен құрдасын атып жіберген. Жарақат алған жас жігіт ауруханаға жетпестен, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.