Қоғам

Ғалымдар көздің көрмей қалуынан сақтайтын тағам түрлерін атады

Көздің жақсы көруі үшін нитраттарға бай көкөністерді көп жеу керек
Sputnik

АСТАНА, 23 қазан —Sputnik. Күнделікті нитраттарға бай көкөністерді жеу көздің көрмей қалу қаупін азайтады. Уэстмид медициналық зерттеулер институтының ғалымдары осындай қорытынды жасады, деп жазады MedicalXpress

Шашты тез өсірудің тәсілі табылды
15 жылға созылған зерттеуге Австралияның 49 жастан асқан екі мыңнан астам тұрғыны қатысыпты. Күніне 100-142 миллиграмм көкөніс нитратын пайдаланатын, яғни қызылша, асжапырақ, жасыл салат жейтін адамдарда макулодистрофия дерті 35%-ға аз кезігеді екен.

Макулодистрофия — сары дақтардың бұзылуы, бұл кезде торкөздің жасушаларына нәр беретін тамырлар өліп қалады. Соның кесірінен қарт кісілердің көзі көрмей, соқыр болып қалуы мүмкін.

Бұдан бұрын ғалымдар анықтағандай, аптасына бір рет цитрус жемісін пайдалану торкөзді жетілдіріп, көздің көрмей қалуынан сақтайды.