АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Бьюти-сарапшылар шашты тез өсіруге мүмкіндік беретін бірнеше тәсілді атап көрсетті. Бұл туралы Vogue жазады.
Екіншіден, шашты жуғанда міндетті түрде кондиционер пайдалану қажет.
"Шаштың ұшына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Өйткені бұл шаштың ең құрғақ бөлігі, ал ылғалдандырушы бальзам шаштың ұшталуына жол бермейді", — дейді шаштараз Вернона Франсуа.
Ұзын шаш өсірудің тағы бір жолы – жуған кезде бастың терісіне барынша қарқынды массаж жасау. Микромассаж құйқада қанның жүруін жақсартады.
Төртінші тәсіл – дұрыс тамақтану. Америкалық диетолог Мария Марлоу шашты өсіру үшін құрамында темір, мырыш, С дәрумені, В тобындағы дәрумендер және омега-3 көп азық-түлікті жеуге кеңес береді.
Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, тағамдағы дәрумендердің жетіспеушілігін қоспалар арқылы толтыруға болады.
Бұдан бөлек, мамандардың пікірінше, ұйықтайтын жастығыңыздың тысы жібектен болғаны жөн, ол шашты құрғатпайды.