Қоғам

Қазақстанда күн 25 градусқа дейін жылынады

"Қазгидромет" РМК 23-25 қазан аралығындағы ауа райына болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде күн жылы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, Ресейдің Еуропа бөлігінен ығысатын антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райына әсер етеді. 

Республиканың көптеген облысында күн жылы, жауын-шашынсыз болады. 

"Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда күндіз ауа температурасы +15…20°С, кей жерлерде 23..25°С дейін жоғарылайды. Тіпті солтүстік, орталық және шығыс аудандарда сынап бағанасы +5…15°С дейін көтеріледі деп болжануда, бұл климаттық нормадан 3…8°С жоғары", — делінген хабарламада.