Акула, медуза, жылан, қолтырауын – теңіз жағалауында қауіп төндіретін басқа қандай қорқынышты тіршілік иелері бар?
The Travel порталы ұсынған Топ-10 қорқынышты жағажайды Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.
1 / 10
ОАР-дағы Гансбай жағажайы мен...акулалар. Тамаша демалыс орындары және балықшылардың ауылдарымен танымал таңғажайып жағалауды акулалардың астанасы деп атауға болады. Бұл жердегі ең қызықты аттракциондардың бірі – тордың ішінде су астына түсіп, жыртқыштармен бетпе-бет кездесу.
2 / 10
Австралиядағы Дарвин жағажайы: медузалар, акулалар мен қолтырауындар. Қолтырауындардың жұмағы десек, артық айтқанымыз емес. Олардың мекеніне аяқ баспаған абзал. Оның үстіне, жағалауға жақын жерге көптеген медуза жүзіп келеді. Теңіз түбіне сүңгу – ажалға апарар тура жол: онда – күшті толқындар мен акулалар бар.
© Photo : Garycycles/Public domain
3 / 10
Калангут жағажайы, Гоа, Үндістан... сиырлар. Жағажайда демалушыларға ең қауіпті жануар кәдімгі сиыр болады деп кім ойлаған. Солтүстік Гоа туристер арасында өте танымал жер: көздің жауын алатын жағажайлар, алаулап батқан күннің қайталанбас көрінісі, жып-жылы теңіз суы. Бірақ Калангут туристері жағалауда жайылып жүрген сиырлардан сақтануы тиіс. Жалаң аяқ жағажайда қыдырғысы келетіндер оқыс жағдайға тап болуы мүмкін.
© Sputnik / Maria Kosareva
4 / 10
Гонконгтегі Рипалс-Бей жағажайы: балдырлар мен бактериялар. Рипалс-Бей қаланың бай ауданында орналасқан, жағажайдың бойында аспанмен таласқан зәулім ғимараттар бар. Дегенмен, жағажайдың жағымсыз жақтары да аз емес. Қоқыс пен балық өлекселерімен қоймай, теңіз суы балдырға толы.
© AP Photo / Kin Cheung
5 / 10
Пели аралдары, Канада: балдырлар. Пели аралдарының салқын суы қызықтыруы мүмкін, бірақ біраз тосын сый көңіліңізге жақпайтыны анық. Жағалауға жақын өсетін көк-жасыл балдырлар суда түрлі бактериялар таратып, теріңіз бен асқазаныңызға зиянын тигізуі ықтимал.
6 / 10
Флорида штатындағы Нью-Смирна-Бич: акулалар. Нью-Смирна-Бич жүзушілер мен серферлер үшін таптырмас мекен, акула аулайтындар да осы жерден шықпайды. Өйткені теңізде жыртқыш балықтар өріп жүр.
7 / 10
Реюньон аралы, Үндістан мұхиты: акулалар. Осы бір жұмақ аралы демалыс үшін таптырмас орын болар еді, бірақ акулалар ордасы деген атағы шыққалы бері туристердің зәре-құтын қалдырмайды. 1999 жылы аралда акуланы тамақ үшін аулауға тыйым салынды. Содан бері олардың саны анағұрлым көбейген.
© AFP 2024 / Richard Bouhet
8 / 10
Рамри аралы, Бирма: қолтырауындар. Рамри аралы қолтырауындар үшін аса жайлы мекен. Мұнда ит тұмсығы батпайтын мангр нуы өседі. Жыртқыштардың денесінің ұзындығы алты метрге дейін жетеді екен!
9 / 10
Кеймада-Гранди аралы, Бразилия: Бұл аралдың атауы қазақ тіліне аударылғанда "Жыландар аралы" дегенді білдіреді, аты айтып тұрғандай, қойнауы улы жыландарға толы. Аралға сапар шеккен саяхатшылар мен жергілікті тұрғындар жылан уынан жиі зардап шегетін көрінеді. Бір шаршы метрге бес бас жыланнан келеді.
10 / 10
Австралиядағы Квинсленд жағажайы: теңіз толқындары бұл жағалауды сансыз көп медузаға толтырады. Бәрі бірдей қауіпті емес, әрине, дегенмен арасында улы медузалар да кезігеді. Квинсленд жағажайларын улы теңіз кесірткелері де мекендейді.
© Photo : Facebook page of Charlotte Lawson