Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Акула, жылан, медуза: әлемнің ең қауіпті жағажайлары - фото

Жазылу
Биік-биік пальмалар, аппақ құм, жаға соққан толқындар – табиғаттың тамсандырған сұлулығы адам баласына қауіп төндіретініне сенгің келмейді

Акула, медуза, жылан, қолтырауын – теңіз жағалауында қауіп төндіретін басқа қандай қорқынышты тіршілік иелері бар?

The Travel порталы ұсынған Топ-10 қорқынышты жағажайды фотолентасынан тамашалаңыз.

CC BY-SA 2.0 / Bernard DUPONT / Rocky ShoreОАР-дағы Гансбай жағажайы мен...акулалар. Тамаша демалыс орындары және балықшылардың ауылдарымен танымал таңғажайып жағалауды акулалардың астанасы деп атауға болады. Бұл жердегі ең қызықты аттракциондардың бірі – тордың ішінде су астына түсіп, жыртқыштармен бетпе-бет кездесу.
Гансбай жағажайы, ОАР - Sputnik Қазақстан
1/10
ОАР-дағы Гансбай жағажайы мен...акулалар. Тамаша демалыс орындары және балықшылардың ауылдарымен танымал таңғажайып жағалауды акулалардың астанасы деп атауға болады. Бұл жердегі ең қызықты аттракциондардың бірі – тордың ішінде су астына түсіп, жыртқыштармен бетпе-бет кездесу.
© Photo : Garycycles/Public domainАвстралиядағы Дарвин жағажайы: медузалар, акулалар мен қолтырауындар. Қолтырауындардың жұмағы десек, артық айтқанымыз емес. Олардың мекеніне аяқ баспаған абзал. Оның үстіне, жағалауға жақын жерге көптеген медуза жүзіп келеді. Теңіз түбіне сүңгу – ажалға апарар тура жол: онда – күшті толқындар мен акулалар бар.
Австралиядағы Дарвин жағажайы - Sputnik Қазақстан
2/10
Австралиядағы Дарвин жағажайы: медузалар, акулалар мен қолтырауындар. Қолтырауындардың жұмағы десек, артық айтқанымыз емес. Олардың мекеніне аяқ баспаған абзал. Оның үстіне, жағалауға жақын жерге көптеген медуза жүзіп келеді. Теңіз түбіне сүңгу – ажалға апарар тура жол: онда – күшті толқындар мен акулалар бар.
© Sputnik / Maria KosarevaКалангут жағажайы, Гоа, Үндістан... сиырлар. Жағажайда демалушыларға ең қауіпті жануар кәдімгі сиыр болады деп кім ойлаған. Солтүстік Гоа туристер арасында өте танымал жер: көздің жауын алатын жағажайлар, алаулап батқан күннің қайталанбас көрінісі, жып-жылы теңіз суы. Бірақ Калангут туристері жағалауда жайылып жүрген сиырлардан сақтануы тиіс. Жалаң аяқ жағажайда қыдырғысы келетіндер оқыс жағдайға тап болуы мүмкін.
Калангут жағажайы, Гоа, Үндістан - Sputnik Қазақстан
3/10
Калангут жағажайы, Гоа, Үндістан... сиырлар. Жағажайда демалушыларға ең қауіпті жануар кәдімгі сиыр болады деп кім ойлаған. Солтүстік Гоа туристер арасында өте танымал жер: көздің жауын алатын жағажайлар, алаулап батқан күннің қайталанбас көрінісі, жып-жылы теңіз суы. Бірақ Калангут туристері жағалауда жайылып жүрген сиырлардан сақтануы тиіс. Жалаң аяқ жағажайда қыдырғысы келетіндер оқыс жағдайға тап болуы мүмкін.
© AP Photo / Kin CheungГонконгтегі Рипалс-Бей жағажайы: балдырлар мен бактериялар. Рипалс-Бей қаланың бай ауданында орналасқан, жағажайдың бойында аспанмен таласқан зәулім ғимараттар бар. Дегенмен, жағажайдың жағымсыз жақтары да аз емес. Қоқыс пен балық өлекселерімен қоймай, теңіз суы балдырға толы.
Гонконгтегі Рипалс-Бей жағажайы - Sputnik Қазақстан
4/10
Гонконгтегі Рипалс-Бей жағажайы: балдырлар мен бактериялар. Рипалс-Бей қаланың бай ауданында орналасқан, жағажайдың бойында аспанмен таласқан зәулім ғимараттар бар. Дегенмен, жағажайдың жағымсыз жақтары да аз емес. Қоқыс пен балық өлекселерімен қоймай, теңіз суы балдырға толы.
CC BY-SA 2.0 / Ken Lund / The Southernmost Tip of Canada, Point Pelee National Park, Leamington, Ontario, CanadaПели аралдары, Канада: балдырлар. Пели аралдарының салқын суы қызықтыруы мүмкін, бірақ біраз тосын сый көңіліңізге жақпайтыны анық. Жағалауға жақын өсетін көк-жасыл балдырлар суда түрлі бактериялар таратып, теріңіз бен асқазаныңызға зиянын тигізуі ықтимал.
Пели аралдары, Канада - Sputnik Қазақстан
5/10
Пели аралдары, Канада: балдырлар. Пели аралдарының салқын суы қызықтыруы мүмкін, бірақ біраз тосын сый көңіліңізге жақпайтыны анық. Жағалауға жақын өсетін көк-жасыл балдырлар суда түрлі бактериялар таратып, теріңіз бен асқазаныңызға зиянын тигізуі ықтимал.
CC BY-SA 3.0 / Ebyabe / New Smyrna Beach, Florida: Peninsula Флорида штатындағы Нью-Смирна-Бич: акулалар. Нью-Смирна-Бич жүзушілер мен серферлер үшін таптырмас мекен, акула аулайтындар да осы жерден шықпайды. Өйткені теңізде жыртқыш балықтар өріп жүр.
Нью-Смирна-Бич, Флорида, АҚШ - Sputnik Қазақстан
6/10
Флорида штатындағы Нью-Смирна-Бич: акулалар. Нью-Смирна-Бич жүзушілер мен серферлер үшін таптырмас мекен, акула аулайтындар да осы жерден шықпайды. Өйткені теңізде жыртқыш балықтар өріп жүр.
© AFP 2024 / Richard BouhetРеюньон аралы, Үндістан мұхиты: акулалар. Осы бір жұмақ аралы демалыс үшін таптырмас орын болар еді, бірақ акулалар ордасы деген атағы шыққалы бері туристердің зәре-құтын қалдырмайды. 1999 жылы аралда акуланы тамақ үшін аулауға тыйым салынды. Содан бері олардың саны анағұрлым көбейген.
Реюньон аралы, Үндістан мұхиты - Sputnik Қазақстан
7/10
Реюньон аралы, Үндістан мұхиты: акулалар. Осы бір жұмақ аралы демалыс үшін таптырмас орын болар еді, бірақ акулалар ордасы деген атағы шыққалы бері туристердің зәре-құтын қалдырмайды. 1999 жылы аралда акуланы тамақ үшін аулауға тыйым салынды. Содан бері олардың саны анағұрлым көбейген.
CC BY 2.0 / Dany13 / PICT0149/Burma/Arakan State/Kaladan River/Delta and Rakhine's Fisherman House on Pile/IslandРамри аралы, Бирма: қолтырауындар. Рамри аралы қолтырауындар үшін аса жайлы мекен. Мұнда ит тұмсығы батпайтын мангр нуы өседі. Жыртқыштардың денесінің ұзындығы алты метрге дейін жетеді екен!
Рамри аралы, Бирма - Sputnik Қазақстан
8/10
Рамри аралы, Бирма: қолтырауындар. Рамри аралы қолтырауындар үшін аса жайлы мекен. Мұнда ит тұмсығы батпайтын мангр нуы өседі. Жыртқыштардың денесінің ұзындығы алты метрге дейін жетеді екен!
CC BY-SA 2.5 / Prefeitura Municipal de Itanhaém / Ilha da Queimada Grande - Itanhaém3Кеймада-Гранди аралы, Бразилия: Бұл аралдың атауы қазақ тіліне аударылғанда "Жыландар аралы" дегенді білдіреді, аты айтып тұрғандай, қойнауы улы жыландарға толы. Аралға сапар шеккен саяхатшылар мен жергілікті тұрғындар жылан уынан жиі зардап шегетін көрінеді. Бір шаршы метрге бес бас жыланнан келеді.
Кеймада-Гранди аралы, Бразилия - Sputnik Қазақстан
9/10
Кеймада-Гранди аралы, Бразилия: Бұл аралдың атауы қазақ тіліне аударылғанда "Жыландар аралы" дегенді білдіреді, аты айтып тұрғандай, қойнауы улы жыландарға толы. Аралға сапар шеккен саяхатшылар мен жергілікті тұрғындар жылан уынан жиі зардап шегетін көрінеді. Бір шаршы метрге бес бас жыланнан келеді.
© Photo : Facebook page of Charlotte LawsonАвстралиядағы Квинсленд жағажайы: теңіз толқындары бұл жағалауды сансыз көп медузаға толтырады. Бәрі бірдей қауіпті емес, әрине, дегенмен арасында улы медузалар да кезігеді. Квинсленд жағажайларын улы теңіз кесірткелері де мекендейді.
Австралиядағы Квинсленд жағажайы - Sputnik Қазақстан
10/10
Австралиядағы Квинсленд жағажайы: теңіз толқындары бұл жағалауды сансыз көп медузаға толтырады. Бәрі бірдей қауіпті емес, әрине, дегенмен арасында улы медузалар да кезігеді. Квинсленд жағажайларын улы теңіз кесірткелері де мекендейді.
Жаңалықтар
0