Мәдениет

Айқын анасын ренжітіп алғанын айтып көзіне жас алды

Әнші бірінші әйелімен ажыраспағанымен, бүгінде тек тоқалымен бірге тұрып жатқанын айтты
Sputnik

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Айқын Төлепберген алғаш рет ата-анасының екінші әйел алуына қандай көзқараста болғанын айтып берді. Бастапқыда ата-анасы бұған қарсылық білдіріп, тіпті, анасы ренжіп жылаған екен.

Айқын Төлепберген концерт алдында ауырып қалды

Жуырда әнші отандық бағдарламалардың бірінде алғаш рет тоқал алғаны туралы және бұл жаңалықты өзінің отбасы мүшелері қалай қабылдағанын ашық айтты. Бастапқыда ата-анасы қарсылық білдіріп, немерелерінің тағдыры үшін алаңдаған.

"Өмірде анам мен әкемді бірдей жақсы көремін. Сол сәтте әкем ұрысты, анам ренжіді. Артынша жылап-жылап қойды. "Ана, Әсел қасымда болады. Ешкім ешқайда кетпейді. Күнде қалай көріп жүрсеңдер, әрі қарай да солай көресіңдер" деп сендірдім", — деді әнші Астана арнасының "" бағдарламасында.

Осыдан кейін Айқын көзіне жас алып, түсірілім кезінде су беруді өтінді. Айтуынша, әке-шешесі туралы айтқан кезде еріксіз толқиды.

Тағы оқыңыз:

"Әке-шешем туралы сөйлеген кезде көңілім босап кетеді. Әкемнің 50 жылдық мерейтойында сөз сөйлеген кезде де осылай болған еді. Оларға арнаған "Әке-ана" деген әнім бар. Концертте басын бастаймын да, ортасына келген кезде тоқтап қаламын. Себебі, әнді сезінбей айтсаң, тыңдарманның жүрегіне жетпейді. Ал жеткізейін деп сөзін ойлап айтсаң, осындай жағдайға тап боласың", — деді әнші.

"Сантехник болып, трактор айдадым". Әншілер өнерге келмес бұрын не істегенін айтты

Әрі қарай Айқын ата-анасының ақырында сөзіне иланып, өзіне сенім артқанына тоқталды. Бірінші әйелі ата-анасынан бөлек тұрса да, бүгінде жиі келіп тұрады екен. Яғни немерелер мен ата-әженің арасындағы байланыс үзілмеген.

"Басында ренжіді. Кейін "Өзің білесің. Бұл сенің өмірің. Саған сенеміз" деп айтты. Қазір Аңсар мен Асылым да атасы мен апасының үйі қайда екенін біледі. Әйелім Әсел балаларды өзі апарып тастайды. Кейін ата-әжесі де біздің үйге қонаққа келеді. Олар өзара өте жақсы араласады, шетелге демалуға да бірге жіберемін. Яғни Аңсар мен Асылым атасы мен апасынсыз ешқайда демалуға бармайды", — деді ол.

Мұнымен қатар, әнші ата-анасына берген уәдесінде тұрып, бүгінде олардың еркін араласуы үшін барлық жағдайды жасап жатқанын жеткізді. Десе де, өзі қазір екінші әйелі Жұлдыз Өмірғалимен ғана тұрып жатқанын жасырмады.

Тағы оқыңыз:

"Екі отбасы деп айтпай-ақ қояйын. Қазір негізінен Жұлдызбен тұрып жатырмын. Бірақ Әсел менің өмірімде, жүрегімде және керек кезде қасымда. Әрқашан да қолдаушым болып жүреді. Кез келген айтқан сөзін жерге тастамаймын. Бірігіп жасап жатқан ортақ бизнесіміз де бар. Нағыз жолдасым десем де болады. Менің "Бір досың керек екен" деген әнім Әсел туралы", — деді Айқын.

Сөз соңында жұлдыз бірінші әйелінің басқа ер азаматқа тұрмысқа шығуына қарсы екенін жеткізді. Айтуынша, оны әзірге басқа адамға қимайды.