АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Ауырып қалғанын әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Сондай-ақ, ол тамағының ісіп тұрғанына қарамастан, тек жанды дауыста ән айтатынын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айқын қазақстандықтарға видеоүндей жолдады
"Мұрын бітеліп, тамақ ісіп, дене қызуым көтеріліп Астанаға ұштым. Бүгін қалай ән айтамын? Мұрныммен сөйлейін бе? "Фонограмма" қоя сал дейтіндерге айтарым бар. Менің концертімде болған адамдар даусым шықпай тұрса да, әрқашан өз ісімді адал және айқын атқарғанымды біледі. Тек жанды дауыста айтамын", — дейді әнші.
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде әншінің сауығып кетуін тілеп, ақ тілектерін жаудырды. Арасында дәрілер ұсынғандар да болды.
Майк Тайсон Алматыдағы түнгі клубта не істеп жүр?
"Өлеңдерің ұнайды. Ерінбей еңбек ете бер. Тек алға!", "Түрің жаман болып тұр екен", "Жаным-ау, ауырмағын. Өзің сондай сымбаттысың", "Қайда жүрсең де аман бол", "Бәрі жақсы болады. Жазылып кетіңіз", "Айқын жанды дауыста ән айта алады. Жеке өмірінде нелеріңіз бар? Ондай жағдай Айқын ағамызда ғана болып жатқан жоқ. Не айтсаңдар да, ойланып айтыңдар" деп жазды олар.
Бұл жазбадан кейін әнші досының туған күнінде түскен суретін бөлісіп, өзінің сауығып қалғанын білдірді.