АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 38 ауылдың төрт жүзге тарта тұрғыны болашағы бар елді мекендерге көшіріледі деп жоспарлануда.
СҚО-да болашағы бұлыңғыр елді мекендер жойылмақ. Мектеп, аурухана, балабақша салуға, жолдарды жөндеп, су құбырын тартуға және тағы басқа құрылыс жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу кезінде болашағы бар ауылдар ғана қарастырылады, деп жазды өңірлік Петропавловск.news сайты.
"Бүгінгі таңда облыстағы 38 ауылды жою рәсімі жүріп жатыр, олардың әрқайсында шамамен 10 адамнан ғана тұрады. Мемлекет басшысы ресурстарды ұтымды пайдалануды және қаражатты болашағы бар ауылдарға, аудан орталықтарына ғана құю қажеттігін айтып келеді. Тұрғындар неғұрлым көп болса, жұмыс орны соғұрлым көбейеді, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға негіз болады", — деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова облыс тұрғындарымен кездесу барысында.
- Назарбаева ауылдардағы мектеп асханасында дүбірлетіп той жасайтынын айтты
- Ақтөбе облысында ауылдарға ұшақпен баруға болады