Өңірлер

Қазақстанда екі прокурор пара алғаны үшін ұсталды

Екі прокурор пара алып, өз қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Қостанай және Алматы облыстарында шара жүргізу барысында пара алған және қызметін асыра пайдаланғандар ұсталды.

Қазақстанда 30-дан астам әкім пара алғаны үшін ұсталды

Бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы облысында Қарасай ауданының прокуроры жер учаскелеріне қатысты заңсыз әрекеттер жүзеге асырған. Ол жердің пайдаланылу мақсатын өзгерту арқылы оны заңсыз рәсімдеуге көмектескен. Дәл осындай 102 жағдай болғаны анықталды. Қазір бұл жерлер ҚР жер қорына қайтарылды.

"Қызметін асыра пайдаланғаны үшін Аязбаевтың ісі сотқа берілді және ол прокуратура органдарынан қуылды. Сондай-ақ, арнайы лауазымынан айырылды", — деп хабарлады бас прокуратурадағылар.

Қостанай облысы Таранов ауданының прокуроры Шалабаев 750 мың теңге көлемінде айыппұл алғаны үшін ұсталды. Бұл ақшаны ол жергілікті кәсіпкерлердің бірінен талап еткен. Ол 19 қазан күні параны алып тұрған жерінен қолға түсті.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін Шалабаев тергеу изоляторында қамауда болады.