Қоғам

Қазақстанда 30-дан астам әкім пара алғаны үшін ұсталды

© Sputnikпара
пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы әкімдер қандай қулыққа барды — жерге байланысты астыртын әрекеттер, әкімдіктегі терминалдар мен мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржы бөлгені үшін пара алу

АСТАНА, 18 тамыз  Sputnik. Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аймақтарда әртүрлі деңгейдегі әкімдердің ұсталғанын хабарлады.

Қолына кісен салынған адам ресми құжатты ұстап отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Пара беріп ұсталған "Қазавтожолдың" экс-басшыларының бірі асылып қалды

Жатақхана төңірегіндегі дау-дамай

Қарағанды облысындағы Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары қылмыс жасағаны әшкере болды. Ол тұрғындардың жақын маңдағы жерлерден қоныс аударуына арнап Сәтпаев қаласында 2 жатақхана салу кезінде жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жеке ұйымдардың бірінің өкілінен 100 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді. Өзінің кінәсін толығымен мойындауына байланысты ол қамауға алынбады.

Жерге қатысты айла-шарғылар

Целиноград ауданының бұрынғы әкіміне қатысты тергеу басталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдікті саналып отыр. Бұрынғы шенеунік аудан аумағында 50 гектар жер учаскесін сатып алуға "рұқсат беріп", мемлекеттің заңды мүдделерін бұзуған. 

Әкімдіктегі терминал үшін 50 мың теңге

Павлодар облысы Ақсу қаласының Қалқаман ауылдық округінің әкімі қол астындағы бас маманмен алдын ала келісу арқылы ЖШС өкілінен жалға алу шартын жасасу және әкімдіктің әкімшілік ғимаратында төлем терминалын орнату үшін 50 мың теңге пара алғаны үшін күдікті деп танылды.

Пара алғаны үшін сотталған Қуандық Бишімбаев басқа түрмеге ауыстырылды

Ауылды тұрақсыз қалдырды

Алматы облысының Байсерке селолық округі әкімінің бұрынғы орынбасары лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті деп танылды. Ол облыс тұрғындарының біріне бас жоспарға сәйкес автокөлік тұрағына арналған жер учаскесін жеке қосалқы шаруашылық үшін заңсыз берген. Бұның салдарынан мемлекетке 496 мың теңге зиян келген. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Пара - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
45 мың теңге пара алған департамент қызметкеріне 2,7 млн теңге айыппұл салынды

Жемқорлық үшін 7 жыл

Сонымен қатар, Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің бастығы бопсалау арқылы пара алғаны үшін сотталды. Лауазымды тұлғаларға құрылыс жөніндегі мердігер компаниядан 500 мың теңге пара алғаны үшін айып тағылған. Әкімнің орынбасары жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Құрылыс бөлімінің бастығы да кінәлі деп танылып, 35 миллион теңге мөлшеріндегі айыппұл төлеуге міндеттелді.

Пара алғаны үшін 23,4 миллион теңге айыппұл төлейді

Ақмола облысының Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі кәсіпкерден жүйелі түрде жалпы сомасы 300 мың теңгеге пара алғаны үшін 23,4 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Жетісай қаласының әкімі 12 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ол осы жылдың ақпан айында "Балапан" бағдарламасы арқылы қаржы бөліп, бұдан әрі қамқорлық жасау үшін ЖШС құрылтайшысынан 200 мың теңге көлемінде пара алған.

тауар тасымалдау - Sputnik Қазақстан
Экономика
ШҚО-да лауазымды тұлғалар Қытайдан Қазақстанға тауар өткізу үшін 13 млн теңге пара алған

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қосшы ауылдық округінің әкімі 8,8 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ол 2018 жылдың қаңтарында Астана қаласының аумағында жерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жер телімін беру үшін ЖШС директорынан 3 миллион теңге сомасында пара алған.

Жезқазған әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Жемқорлық ондаған әкімнің өмірін тас-талқан етті

Жалпы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін түрлі деңгейдегі 31 әкім және әкімдердің орынбасарлары жауапкершілікке тартылды (облыстық — 1, қалалық — 4, аудандық — 5, ауылдық округ — 21). Сотталғандар — 12.

 

Жаңалықтар
0