Өңірлер

Қостанай тұрғыны көшеде қансырап жатқан бөтелкелесін таспен ұрып өлтірді

Аталған қылмыстық іске қатысты сот отырысы 16 қазанда өтеді
Sputnik

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Қостанай қаласында 64 жастағы ер адам өзінің бөтелкелесін соққыға жығып, кейін басын жерде жатқан таспен жарып өлтірді. Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, екі айға жуық сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүрді, деп хабарлайды тілшісі.

Көпбалалы әке 4 жасар ұлын бұтына жібергені үшін аяусыз сабап өлтірді - видео

Қостанай облыстық ауданаралық қылмыстық сотқа бұрын істі болған 1954 жылғы азаматқа қатысты іс келіп түсті. Танысын өлтірген Қостанай тұрғынына қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.

"Қостанай қаласында 2018 жылдың 27 тамызында сағат 18:00 шамасында Мәуленов көшесінде өзінің бөтелкелесін өлтірген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр. "К" және "Т"есімді азаматтар спирттік ішімдікті бөліп ішкеннен кейін сөзге келіп қалады. Дәлірек айтсақ, кейінгісі алдыңғысын сөзбен балағаттайды. "К" ашуға беріліп, "Т-ны" басымен ұрып жібереді. Кейін жұдырығымен басына және жағына соққы жасайды. Ақырында оның өлгеніне көз жеткізу үшін жерде жатқан тасты алып кемінде басынан екі рет ұрады. Осының салдарынан кейінгісі оқиға орнында жан тапсырды", — деді Қостанай қаласындағы ауданаралық қылмыстық соттың баспасөз қызметіндегілер  тілшісіне.

Аталған іске қатысты басты сот отырысы ертең, 16 қазанда өтеді.