Әлем

Көпбалалы әке 4 жасар ұлын бұтына жібергені үшін аяусыз сабап өлтірді - видео

© Photo : pixabay.comЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл уақытта үйде ер адамның әйелі мен кәмелеттік жасқа толмаған бес баласы болған

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Ресей Федерациясы Нукутск ауданы Хадахан ауылында 28 жастағы алты баланың әкесі кенжесін бұтына жіберіп қойғаны үшін ұрып өлтірді. Бұл туралы  сайты жазды.

Ер адам жұдырық түйіп тұр - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Іштен тепкіледі". Ерлі-зайыпты баласын ренжіткен оқушыны жабылып ұрып тастады

Тергеу жұмыстары барысында 2018 жылдың 24 наурызында көпбалалы ер адам 4 жасар ұлын аяусыз ұрып-соққаны белгілі болды. Ер адам ұлын қолмен ұрып қана қоймай, белдікпен сабаған. Өмірі үшін маңызды кеуде, бас және бет тұсынан соққы жасаған.

Ауыр жарақаттар салдарынан бүлдіршін сол сәтте өлген. Бұл кезде үйде ер адамның әйелі мен тағы кәмелеттік жасқа толмаған бес бала болған. Әйелі араша түспек болғанын айтқан. Алайда отағасы одан баласын тәрбиелеуге кедергі жасамауды сұраған.

Сот жүргізген психологиялық, психиатриялық сараптамалар нәтижесінде ер адамның бұрын-соңды қандай да бір созылмалы жүйке ауруына шалдықпағаны белгілі болды. Яғни 28 жастағы азаматтың ақыл-есі дұрыс.

Иркутск облыстық сотының шешімімен 28 жастағы Хадахан ауылының тұрғыны 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Жаңалықтар
0