Әлем

15 жастағы қазақ қызы "Мәскеу аруы" байқауының финалисі атанды

Бойжеткен дәл қазір Мәскеу қаласында тұрып жатыр, музыка мектебін тәмамдаған және гимнастикамен айналысады
Sputnik

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Қазақ қызы "Мәскеу аруы — 2018" сұлулық байқауының финалисі атанды.

Биыл сұлулық сайысында тәж үшін бақ сынасатындар қатарында Дина Қожасаева бар, деп жазды "Ресей сұлуы" және "Мәскеу аруы" фестивальдерінің ұйымдастырушы комитеті.

Қатысушының әлеуметтік желідегі парақшасында оның 2003 жылы қарашада дүниеге келгені және Мәскеуде тұратыны жазылған.

Ол музыка мектебін тәмамдаған, гимнастика және вокалмен айналысады.

Ұлының өлімінен кейін 60 жастағы әйел сұлулық байқауында жеңіп шықты
Қатысушының параметрі — 82-60-60, ал бойы — 175 сантиметр, деп қосты ұйымдастырушылар.

"Мәскеу аруы" байқауына қыздарды қалай таңдайды

Байқау ұйымдастырушылары 16 және 28 жас аралығындағы қатысушылардың сұранымдарын қарастырады. Сондай-ақ, олар Мәскеуде немесе Мәскеу облысында тұрулары тиіс.

Сұлулар мен таланттылар фестивалі 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты — салауатты өмір салты мен тұлғаның дұрыс дамуын насихаттау.

Өткен жылы байқау дефиле мен бикинисіз өтті.

Байқаудың ұйымдастырушылары — "Ресей сұлуы" жалпы ресейлік қоғамдық қозғалыс.

Сұлулық байқауының ресми парақшасында Дина Қожасаеваның қарсыластарының суреті жарияланған.

ӘлемМәскеу облысыМәскеусұлулық байқауықарсыласарусұлулықталант