Әлем

Ұлының өлімінен кейін 60 жастағы әйел сұлулық байқауында жеңіп шықты

© Photo : Рixabay/jbundgaaдиадема
диадема - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сұлулық байқауына әртүрлі елден 23 ару қатысты, олардың ең жасы – 26

АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. 60 жастағы австралиялық Робин Кэннер онкологиялық ауруларды зерттеуге ақша жинау үшін сұлулық байқауына қатысып, жеңіп шықты.

Жақында Сиэтлде "Ms World 2018" халықаралық сұлулық байқауы өтті. Байқауға әлем елдерінен 23 ару қатысты, олардың арасында 60 жастағы Робин Кэннер де бар. Кэннер бірнеше жыл бұрын 22 жастағы ұлынан айырылған. Баласы қатерлі ісікке шалдығып, көз жұмыпты.  

Қайғылы оқиғадан кейін әйел онкологиялық ауруларды зерттеуге қаражат жинау үшін сұлулық байқауларына қатысуды ұйғарады. 

"Ұлымнан айырылған кезде, түпсіз терең шыңырауға түскендей күйзелдім. Өмірімде ешқашан бақытты сәттер болмайтындай көрінді. Бірақ байқаудың арқасында бойымда сенімділік пайда болып, күш жинадым", — дейді ол.

Робин сұлулық байқауына өтініш берген кезде, басқа конкурсанттар оны кекетіп, "жеңістен үміттенбей-ақ қой" деп те айтқан. 

"Жеңбесем де, тырысып көрейін" дедім де, дайындала бастадым", — дейді 60 жастағы әйел.

Байқаудан кейін әділ қазының бірі Робин әдемілігі мен подиумда жүру мәнерімен ғана емес, жан тебірентерлік әңгімесімен де қазылар алқасын тәнті еткенін мәлімдеді, деп жазады ridus.ru. 

Робин байқауға қатысу арқылы жақындарынан айырылған әйелдерді жігерлендіргісі келгенін айтты.

"Әлем миссисі" Сәния Шәкірова зираттың жанында жол апатына ұшырады

 Сәния Шәкірова жол апатында қаза тапқан көліктің фотосы 

Жаңалықтар
0