АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Іріңді менингит деген диагноз қойылған әскери қызметкер өткен жексенбіде қайтыс болды.
Lada.kz аймақтық басылымының мәліметінше, науқасты емдеуге тәжірибелі дәрігерлер тартылған, алайда олар сарбазды ажалдан арашалап қала алмаған.
"Солдат көз жұмды, сағат 9:33-те миы жұмысын тоқтатты", — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ер адам 24 қыркүйекте ауырған. Ол екі күннен кейін басы ауырып, айналғанын және бөртпе шыққанын айтып, медициналық көмекке жүгініпті. Дәрігерлер алдымен шешекпен ауырды деген диагноз қояды, алайда бір тәуліктен кейін солдатты тексерген дерматолог жедел тыныс алу ауруы бар екенін анықтайды. Дегенмен 30 қыркүйекте жігіт құса бастап, есінен танып қалған.
Солтүстік Қазақстан облысында студент менингиттен көз жұмды
Ер адам коматозды күйде ауруханаға жатқызылды. Зертханалық сынақтар жүргізілді, полимеразды тізбекті реакция талдауы теріс нәтиже көрсетті. Бактериологиялық зерттеу әдісімен стрептококк бар екені анықталған. Кейінірек оған іріңді менингит диагнозы қойылды.
Менингит жайлы WhatsApp арқылы тараған ақпарат жалған болып шықты
Дәрігерлер науқаспен байланысқан 355 адамды тексерді. Олардың 18-і өздерін жайсыз сезінгенін айтқан, 12-сі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді: олардың біреуі өткір респираторлы вирустық инфекция жұқтырса, 11-і профилактикалық мақсатта ем алады.