Өңірлер

Ақтауда менингитке шалдықты деген сарбаз әл үстінде жатыр

© Sputnik / Анатолий Медведь / Медиабанкке өтуНауқас
Науқас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтауда менингит індеті туралы тағы хабар шықты. Айта кетсек, Қазақстанда биыл 16 адам менингиттен көз жұмды

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Ақтауда әскери қызметкер менингитке шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Гаухар Бисарина.

Жандарбек Бекшин, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бекшин Қарағандыда менингит жұқтырған оқушы туралы мәлімет берді

Оның берген мәліметі бойынша, 21 жастағы әскери қызметкерді 30 қыркүйекте әскери бөлімшеден Ақтау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіпті.

"1997 жылы туған сарбаз меингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Ол 27 қыркүйекте ауырып қалған, тыныс жолдарының жіті ауруы және желшешек деген диагнозбен әскери медициналық бөлімшеде ем алады. Қазір лабороториялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Жағдайы ауыр", — деп хабарлады Бисарина.

Әскери қызметкер 355 адаммен байланыста болған. Қазір бәрі бақылауға алынып отыр.

2018 жылы Қазақстанда 80-нен астам адам менингитке шалдығып, 16-сы көз жұмған болатын.

Жаңалықтар
0