АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезерді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионының бейнеүндеуін менеджер Дехуан Блэйк инстаграмдағы парақшасында жариялады.
"Кел, төбелесейік, Флойд! 50-0 27-0-ге қарсы. Екеуміз де ешқашан жеңіліп көрмеген жігіттерміз. Неге кездеспеске? Джунглиде тек бір ғана корольге орын бар. Ол король, әрине, менмін. Себебі сен Макгрегорды ұрып құлата алмадың, ал мен оны оп-оңай сұлаттым!", - деді Нурмагомедов.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от DeJuan Blake (@dejuanblake) 13 Окт 2018 в 6:46 PDT
Еске сала кетсек, 6 қазан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында Хабиб Нурмагомедов ирландиялық қарсыласы Конор Макгрегорды төртінші раундта қылқындыру әдісі арқылы жеңген болатын.