Спорт

"Джунглиде бір ғана корольге орын бар". Нурмагомедов Мейвезерге бейнеүндеу жолдады

© AP Photo / John LocherХабиб Нурмагомедов
Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен аптада ресейлік файтер ирландиялық Макгрегорды 4-раундта жеңген болатын

АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезерді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.

Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Белбеуім қайда?". Хабиб жекпе-жектен кейін байбалам салды
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионының бейнеүндеуін менеджер Дехуан Блэйк инстаграмдағы парақшасында жариялады. 

"Кел, төбелесейік, Флойд! 50-0  27-0-ге қарсы. Екеуміз де ешқашан жеңіліп көрмеген жігіттерміз. Неге кездеспеске? Джунглиде тек бір ғана корольге орын бар. Ол король, әрине, менмін. Себебі сен Макгрегорды ұрып құлата алмадың, ал мен оны оп-оңай сұлаттым!", - деді Нурмагомедов. 

Еске сала кетсек, 6 қазан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында Хабиб Нурмагомедов ирландиялық қарсыласы Конор Макгрегорды төртінші раундта қылқындыру әдісі арқылы жеңген болатын. 

Жаңалықтар
0