Өңірлер

Фотодерек: Қазақстанда алғашқы қар түсті

Еліміздің солтүстігі мен шығыс өңірлеріне қыс келді
Sputnik

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Бүгін Қазақстанның солтүстік аймақтарына алғашқы қар түсті. 

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері ел аумағында суық атмосфералық ағымдардың әсерінен жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын ескерткен еді.

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелі ауылындағы алғашқы қар

Бүгін Астанада, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында да жабысқақ қар жауады. Бұған қоса желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

Қарағандыға алғашқы қар түсті
 

Жексенбі, 14 қазан күні республиканың оңтүстігінде күн суытады. Атап айтсақ, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қатты нөсер жауын жауып, арты қарға ұласады.