Қоғам

Астанада полицейлермен "қалжыңдасқан" тұрғынның басы бәлеге қалды

Ер адам көлігімді айдап кетті деп жалған ақпарат берген. Аталған факті негізінде қылмыстық іс қозғады
Sputnik

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Астанада 59 жастағы ер адам көлігімді айдап кетті деп жалған ақпарат бергені анықталды.

Ақтөбелік әйел түрмеге қайта түсу үшін жалған ақпарат таратқан

Полицияға ер адам "Daewoo Racer" көлігін айдап кеткенін айтып, шағымданып келген. Құқық қорғаушылар аталған факті негізінде "Заңсыз көлікті иемдену" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастайды. Алайда тергеу барысында ер адамның көлікті рұқсатсыз айдап кету туралы оқиғаны ойдан құрастырғаны анықталды.

Астана Ішкі істер департаментінің қызметкерлері жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда ер азаматқа қатысты ҚР ҚК 419-бабы бойынша (жалған ақпарат жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Астана полицейлері жалған ақпаратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты

Мұндай хабарламалар үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіледі.