Оқиға

"Союз" зымыранын ұшыру кезінде болған апаттың видеосы жарияланды

"Союз МС-10" экипажы Халықаралық ғарыш станциясына бара жатқан
Sputnik

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Байқоңырда "Союз МС-10" зымыранын Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру кезінде болған апаттың видеосы жарияланды. 

 Экипаж мүшелері  — "Роскосмос" ғарышкері Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг жарақат алған жоқ, Қазақстанға аман-есен қонды. 

Байқоңырда "Союз" зымыранын ұшыру кезінде апат болды

"Союз МС-10" экипажы Халықаралық ғарыш станциясына бара жатқан, олар орбитада 187 тәулік болуы тиіс еді. 

"Қарағанды облысының Жезқазған аумағына қондырылды. Барлығы ережеге сәйкес өтті, оқыс оқиға болған жоқ. Ғарышкерлердің жағдайы тұрақты", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Байқоңыр ғарыш айлағында іске қосу қызметтерімен "Роскосмос"айналысады.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар комитеті "Союз" зымыранының құлауы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.