Өңірлер

Шымкентте аяғы ауыр келіншекті үш айы бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген

Бала мен әйелдердің зорлық-зомбылығы, құлдықтың құрбаны болу мәселелері соңғы кезде жиі айтылып жүр. Еліміздің қай өңірінде бұл проблемалар басымырақ? Қиын жағдайға тап болғандар қайда және кімнен көмек ала алады?
Sputnik

ШЫМКЕНТ, 10 қазан — Sputnik, Жансая Тәуекелқызы. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін тілшісі Шымкенттегі "Сана сезім" әйелдер бастамалары құқықтық орталығында болды.

Қиын жағдайға тап болғандарға пана тауып беретін орталық

2011 жылы өз жұмысын бастаған орталық жұмысының негізгі мақсаты зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балалардың құқығын қорғау болып табылады. Мұндағылар үш бағыт бойынша келушілерге көмек көрсетеді. Біріншісі — миграция.

Түркияда кішкентай қызы бар қазақстандық әйел қиын жағдайға тап болған
Мәселен, біздің елдің азаматтары өзге елде жұмыс істеуге кетсе немесе керісінше бізге келсе, оларға құқықтық-әлеуметтік қолдау ұсынады. Мәселен, құжаты жоғалса, оны қайта қалпына келтіру, заң тұрғысында кеңестер береді. Бұл бағыт бойынша тек әйелдер мен балалар емес, ер азаматтар да көмек түрін ала алады. Екінші бағыты — сот әділдігіне қол жеткізу.

Аты айтып тұрғандай, егер қандай да бір зорлық-зомбылыққа тап болған әйел немесе бала болса, оның сотта әділдікке қол жеткізуіне қолдау береді. Ол үшін психолог мамандарынан бастап білікті заңгерлерге дейін қарастырылған. Кімге, қайда шағым жазу керек, жолдары қандай? Осы сұрақтың бәріне орталық мамандары кеңес береді. Ал үшінші бағыт — адам саудасы.

"Зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер (күйеуі немесе туыстары үйінен қуып жіберген — автор) тұратын үйі болмаса, біз оларға пана болатын орын қарастырып береміз. Яғни, "Көмек" орталығына жібереміз. Онда әйелдер жарты жылға дейін тұруына болады. Бұл аралықта оған психологиялық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық көмек беріледі. 

Шымкенттегі "Сана сезім" әйелдер бастамалары құқықтық орталығы

Тіпті білімін жетілдіруге де мүмкіндік бар. Ал егер адам саудасының құрбаны болса, онда "Сезім" орталығының бейімдеу үйіне барады. Жарты жылға дейін біздің қанатымыздың астында болады. Қозғалған қылмыстық іс аяқталмаса, қосымша үш ай қалуына рұқсат. Былтыр бұл үйді 13 

Шымкент тұрғыны туған қызын пышақтап тастады
жәбірленуші пана етсе, биыл жыл басынан бері олардың саны 15-ке жетті. 

Бейімдеу үйі тек қазақстандық немесе біздің елде тұруға рұқсаты бар азаматтар үшін ғана қарастырылған. Егер шетел азаматтары құлдық құрбаны болса, орталық шетелдік ұйымдардың қаржыландыруымен уақытша пәтерге орналастырады. Біз көмекке мұқтаж кез келген адамға тегін қызмет көрсетеміз. Тәулік бойы сенім телефонымыз жұмыс істейді", — деді "Сана сезім" әйелдердің құқығы бастамалары орталығының вице-президенті Шахноза Хасанова. 

Оңтүстікте зорлық-зомбылық фактілері неге көп?

Елімізде соңғы жылдары зорлық-зомбылық фактілері көбейіп кеткен. Орталық өкілі мұндай оқиғалардың артуы бұрындары зомбылық әрекеттері мүлдем болмады дегенге келмейді деп отыр. Өйткені ол кезде әйелдердің құқығын қорғайтын орындар болмаған және де арнайы заң да қабылданбаған. 

ОҚО-да зорлады делінген 7 жасар баланың анасы бірнеше күннен бері табылмай жүр
Түрлі үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысымен 2014 жылы зорлық-зомбылыққа қатысты арнайы заң қабылданып, кінәлілер жауапқа тартыла бастаған соң жәбірленушілер тарапынан шағым да арта бастапты. Дегенмен орталықтағылардың айтуынша, зорлық-зомбылық жағдайлары еліміздің оңтүстік өңірінде көптеп кездеседі екен. 

Мұны мамандар менталитетпен байланысты деген болжам жасап отыр. Себебі көп әйел азаматы үйде бала қарап отырып, күйеулерінің соққыларына көнуіне тура келеді. Себебі ертең ажырасса, оны баға алмаймын деп қорқады. Әсіресе ауылды аймақтардағылардың кейбірі отбасында күйеулерінің қол көтеруі қалыпты жағдай деп қабылдайды. Алғашында орталықтан көмек сұрап келсе, ашуы тарқаған соң отбасына қайта барып жататын жағдайлар жиі кездеседі екен.

Күйеуінің қорлығына шыдай алмаған келіншек оны пышақтаған

2006 жылы орталыққа жергілікті тұрғын көмек сұрап келеді. Ол кезде келіншектің екі баласы болған. Психолог көмегін алған соң отбасыммен бірге боламын деп үйіне қайтып барыпты. Бірақ, күйеуінің қол көтеруі тоқтамайды. Он жыл бойы психологтардың көмегіне жүгініп жүрген ол отбасындағы кезекті жанжалда қорғанамын деп күйеуіне пышақ сұғып алады.

Шымкент тұрғыны туған қызын пышақтап тастады
Балаларын алып орталыққа келген оны мұндағылар Астанадағы бейімдеу үйіне орналастырыпты. Әйел уақыт өтіп, күйеуімен қайта қосылған. Ең өкініштісі, бұл отбасындағы зомбылық әлі күнге дейін тоқтамаған. Келіншек "Сана сезімнен" күні бүгінге дейін психологиялық көмек алып тұрады екен. 

"Көмек сұрап келген әйелдерге біз алдымен психологиялық тұрғыда көмек береміз. Егер ол арыз жазуға шешім қабылдаса ғана, полицейлермен біріге жұмыс атқарамыз. "Күйеуіңмен ажырас, сені ұрып-соқты ғой" деп үгіттемейміз. Отбасыны сақтап қалу да қажет. Бірақ, қаншама жылдан бері шаңырақта береке болмаса, ол өсіп келе жатқан баланың психикасына кері әсерін тигізетінін ұмытпау керек. Дегенмен соңғы шешімді әйелдің өзі қабылдайды", — деді орталықтағылар.

Көбіне кімдер құлдықтың құрбаны болады?

Шахноза Хасанованың айтуынша, құлдықтың құрбаны болу жайттары да соңғы кезде жиілеп барады. Ерлер қауымы егістік басында, мал бағу және өзге де тегін еңбек күші ретінде құлдықта болса, әйелдер дәмханаларда ыдыс, еден жуушы мен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болатын көрінеді.

"Сана сезім" әйелдердің құқығы бастамалары орталығының вице-президенті Шахноза Хасанова

"Кейде адамдар өздерін құлдықта жүрмін деп есептемейді. Жұмысын істеп, солай болу керек екен деп ойлайды. Олар ортадағы адамдардың алдап-арбауының кесірінен сондай жағдайға тап болады. Шетелге жұмысқа шақырып, жолақысын төлеп, кейін құжаттарын алып қоятындар бар. Яғни, шығынды жаппайынша, жалақы жоқ деп тегін жұмыс күші ретінде пайдаланады. Шетелде құлдыққа тек ер азаматтары емес, әйел азаматтары жиі тап болады. Түркия, Сауд Арабиясы сынды елдерде бала күтуші, үй жинаушы деп жұмысқа шақырып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғандар да бар", — деген Шахноза Хасанова адам саудасымен айналысатындар көбіне кімдерді өзінің құрбаны ететінін де айтты.

 "Адам саудасының құрбаны болатындарды жұмыс берушілер ешкімі жоқ, құқығын білмейді деп ойлайды, күштеп ұстайды. Айта берсем, мұндай жағдай өте көп. Соңғы оқиға, 11 жылдан бері біздің елде құлдықта болған ер азамат. Ауылды жерде мал бағып жүре берген. Өзбекстанда тұратын балалары іздеп, бізге хабарласты. Біз полицейлермен бірге жүргізген жұмыстың арқасында ол кісі құлдықтан босатылды", — деді орталықтың өкілі. 

Аяғы ауыр келіншекті жезөкше болуға мәжбүрлеген

Полиция құлдықта болдым деген қыздың оқиғасына қатысты түсініктеме берді
Бұл оқиға осыдан біраз жыл бұрын орын алыпты. Жас бойжеткен жігітпен ғаламтор арқылы танысып, жігіт оны кездесуге шақырады. Қыз облыстағы аудандардың бірінде тұрады екен. Құрбысын алып Шымкентке келеді. Кафеде тамақтанып болып, қайтпақ болғанда қасына досын ерткен әлгі жігіт "Пәтерімізге кіріп ақша алып шығайықшы. Сендер далада тұрып қайтесіңдер, қорқып қаласыңдар, тас қараңғы. Бірге жүріңдер" деп алдап алып кіреді де, екі қызды пәтерге қамап қояды. 

Ең сорақысы, әлгі қыздың құрбысы отбасылы, тіпті аяғы ауыр болған екен. Мерзімі екі айлық. Күйеуімен ренжісіп, төркініне кеткен кезде кішкене көңіл көтеріп келейін деп құрбысының өтінішіне қарсылық таныта алмапты. Жігіттерге өзінің жағдайын түсіндірсе, олар сенбеген. Сонымен үш айдай жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болады. Әлгі жігіттер оларды қарумен қорқытып, күштеп ұстап отырыпты.

Екі қыз қызмет көрсеткен клиенттері арқылы "Сана сезім" орталығындағыларға хат жазып жіберіп, көмек сұрайды. Орталықтағылар полицейлердің көмегімен мәжбүрлі түрде жезөкше атанғандарды алып шығады. Тек өкініштісі, жүкті әйел баласын аман алып қала алмапты.

Жезөкшелікке мәжбүрлеу тағы бір оқиғасы былайша болған. Осыдан біраз уақыт бұрын алматылық бойжеткен танысымен кафеде отырады. Арам пиғылды азамат оның ішіп отырған сырасына естен тандыратын дәрі салады да, Алматыдан Шымкентке алып келіп, жалдамалы пәтерде ұстайды. Екі аптадай мәжбүрлі түрде интимдік қызмет көрсеткен бойжеткен клиенттерінің бірінен көмек сұрапты. 

Полицейлермен мен "Сана сезім" орталығындағылардың араласуымен бойжеткен құлдықтан босатылған. Тек өкініштісі, бұл іс бойынша дәлелдің аз болуына байланысты қылмыстық іс қозғалмаған. Шахноза Хасанованың айтуынша, бізде адам саудасына қатысты қылмыстық іс қозғау процесі қиын әрі ұзақ жүретінін айтты. 

Қырғыз әйелін балаларымен Қазақстанға 60 мың теңгеге құлдыққа сатып жіберген
"Адам саудасы бойынша біз құзырлы органдармен тығыз жұмыс істейміз. Құлдықта қалған адам туралы қандай да хабар келсе, біз полицейлермен сонда барамыз. Өйткені жәбірленуші жекенің меншігіндегі ғимаратта немесе пәтерде болады. Онда төтесінен кіріп баруға заң тұрғысында бізде рұқсат жоқ.

Негізі адам саудасына қатысты қылмыстық іс қозғау және оны дәлелдеу қиын. Мәселен, Өзбекстанда адам саудасына қатысты арнайы заң бар. Оны кім жұмысқа алып барды? Кім сатты? Құжаттарын кім алды? Солардың барлығы жазаланады. Ал бізде өкінішке орай, жекелей заң жоқ, тек Қылмыстық кодекстің 128, 133-баптары ғана. Алдағы уақытта арнайы заң қабылданады деген үміттеміз", — деді "Сана сезім" әйелдер құқығы бастамалары орталығының вице-президенті.