Қоғам

Қостанай тұрғынын өз көлігінде өлтіріп кетті

Ер адам екі апта бұрын қаза тапқан. Полицейлер күдіктіні ұстады
Sputnik

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik.  Қостанайда зорлық-зомбылықтан өлген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Алау" порталы.

Қостанайда полицей өлі табылды: құнды заттарына ешкім тиіспеген

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте болған, бірақ бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында енді ғана жарияланды. Мәйіт үйдің ауласындағы Ford Transit көлігінен табылды. 

Полицияның хабарлауынша, адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол 29 жастағы жігіт болып шықты, күдікті жанжал кезінде ер адамды буындырып өлтіргенін мойындады.

"Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.