АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Учаскелік полицейдің денесі Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровский ауылынан табылды, деп хабарлайды "Алау" порталы.
Құқық қорғау органы қызметкерінің денесінен азаптап өлтіру белгілері табылмады. Ұялы телефон, ақша және құжат секілді бағалы заттарына ешкім тиіспеген.
"Адал да адамгершілігі мол жан". Президент Қасымовты мақтады
Алдын ала болжам бойынша, тәртіп сақшысы жүрек талмасынан қайтыс болды. Сондай-ақ, өлген күні ер адамның қызметте болмағаны анықталды. Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.