ПАВЛОДАР, 5 қазан – Sputnik. Павлодарда жұма күні балабақшадан екі қыз жоғалып кетті.
Жоғалып кеткен қыздардың бірі қатысып жүрген би ұжымының Instagram желісіндегі парақшасында пост жарияланған: "Шұғыл. Юлианна мен Олеся №27 балабақшадан (Оқушылар сарайы ауданында) қашып кетті. Біреуі – біздің шәкіртіміз! Осы аудан тұрғындары, қыздарды көрсеңіздер немесе қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бізге хабарласыңыздар". Ал сағат 16.05-те жазбаны алып тастаған.
Тура сондай мазмұндағы хабарлама WhatsApp мессенджері арқылы да тарады.
Бір сағатқа жетпейтін уақыт аралығында белгілі болғандай, қыздарды балабақшадан 15 минуттық жерде тауыпты.
2018/2019 оқу жылында оқушылар қалай демалады?
Балабақшада орнатылған бақылау камераларының арқасында оқиғаның мән-жайы анықталған.
Павлодар қаласының білім бөлімі мектепке дейінгі мекемелер секторын басқарушы Бақтылы Қырықбесованың айтуынша, оқиға түскі асқа дейінгі серуен кезінде болған. Видеода көрінгендей, даярлық тобының тәрбиешісі балаларды серуен алаңында сапқа тұрғызып, балабақшаға кірердің алдында санап шықты, кейін бүлдіршіндер легі қозғала бастады. Сол кезде қос құрбы қол ұстасып, артта қалып қойды да, кіреберіске тығылып тұрып, кейін балабақша аумағынан кетіп қалды.
Қыздардың жоқ екенін балалар дастархан басына отырғанда бір-ақ білген. Бірден видеоны тексеріп, мектепалды мекеме басшылығы полиция мен еріктілерді шақырады. Сөйтіп, қашып кеткен қыздар бір сағат ішінде табылған.
Балабақша тәрбиешісі үш баланы пышақтап тастады
Қыздар біреуінің әжесіне барып, иттері мен атжалмандарын көргісі келіпті.
"Бір айтарым, тәрбиеші өте тәжірибелі маман, 30 жылдық еңбек өтілі бар, ол күні топта 19 бала болған еді", — дейді Бақтылы Қырықбесова.
Тәрбиеші мен балабақша басшылығына қатысты қандай шара қолданылатыны қызметтік тексеруден кейін белгілі болады.