Өңірлер

Балабақша тәрбиешісі туберкулездің ашық түрімен ауыратыны анықталды

CC0 / / Әйел мен бала
Әйел мен бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балабақша қызметкері жазда медициналық тексеруден өткенімен, ол кезде науқас белгілері анықталмапты

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Ақмола облысы Шортанды аудан орталығының балабақшасында тәрбиеші туберкулезге шалдыққаны белгілі болды.

Рентген - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Талғарда бастауыш сынып мұғалімінің туберкулезбен ауыратыны белгілі болды

КТК арнасы хабарлағандай, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметкері туберкулезбен ауырса да, балалармен жұмыс істеуді жалғастыра берген.

Қазір 23 жастағы қыз тубдиспансерде дәрігерлердің бақылауында жатыр. Болған жайттан кейін санитарлық дәрігерлер ғимаратты зарарсыздандырып, балалар Манту сынамасын тапсырыпты.

Балабақшаға барып жүрген балалардың ата-аналары айтқандай, олардан тәрбиешінің қауіпті дерті жайында жасырып келіпті.

медициналық қызметкерінің сөзіне сүйенсек, тәрбиеші маусым айында қаралғанда, науқасы анықталмаған.

Телеарна мәліметінше, балалардың бірі туберкулез жұқтырса, ауыл тұрғындары сотқа арыз береміз деп отыр.

Жаңалықтар
0