АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Ешкімге қажеті жоқ адамдарды оқытып, оларға диплом таратудың не керегі бар?! Жоғарғы оқу орындарында жемқорлық кеңінен етек жайып отыр. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдау жасау кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Назарбаевтың халыққа жолдауы — онлайн-репортаж
Әрі қарай президент Қазақстанда халықаралық деңгейдегі тағы да бір университет құруды ұсынды. Сондай-ақ, ол бар мәселені қаржы жетіспеушілігіне бұра бермеуді сұрады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы — видео
"Нарықта жоғары білім сапасын қамти алатын ЖОО-лар ғана қалуы тиіс. Әлемнің ірі университтерімен серіктестікті арттыру қажет. Назарбаев университетінен үлгі алу қажет. Әрине, ол жақта ақша көп деп сын айтулары мүмкін. Бізде осы секілді университтер бар. Мысалы, ҚазҰУ жақсы нәтиже беріп, жұртты қызықтырып отыр. Инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, Назарбаев университетіне ұқсайтын тағы да бір ЖОО құруды ұсынамын ", — деді ол.