АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Ақтауда бойжеткен тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ИнАктау.
Трагедия кеше Ақтаудағы 4-шағын ауданда №37 үйде болған. "Жедел жәрдем" дәрігерлерінің алдын ала ақпараты бойынша, бойжеткен тоғызыншы қабаттан секіріп суицид жасаған.
Жедел жәрдем станциясына хабар сағат 12:27-де келіп түсті. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде, қыз әлі тірі болған. Оны бірден Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген.
"Шамамен бір сағат және он минут өткеннен кейін ол алған жарақатынан көз жұмды", — деді ауруханадағылар.