АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Көңілдесін азаптап өлтірген түркістандық азамат қамауға алынды. Санкцияны Түркістанның мамандандырылған тергеу сотының судьясы шығарған.
Оның үстінен ҚР ҚК-нің 99 бабы 1-ші бөлігі, "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Анықталғанындай, екеуара ішімдік ішкен ғашықтардың арасында жанжал туған, деп жазды otyrar.kz.
Шөлмекпен әйелдің басын жарып, шыны сынықтарымен мойын, арқасына бірнеше соққы жасағанын айтқан. Салдарынан 40 жастағы әйел тіл тартпай кеткен.
Талғарда баланы азаптап өлтірген келіншек жазаны естігенде жылап жіберді
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Ресейдің Губаха қаласында да болған еді. 27 жастағы Татьяна Мелехина 22 шілдеде жоғалып кеткен. Екі апта өткен соң қылмыс ашылып, жергілікті тұрғын ашынасын өлтіргенін мойындады.
Қылмыскер әйелді өлтіріп, өзенге лақтырып жіберген. Марқұмның әкесінің айтуынша, трагедияға қызғаныш себеп болған көрінеді. Жігіт үйленген, кішкентай қызы бар.