Өңірлер

Шыны сынықтарымен азаптаған: Түркістандағы сұмдықтың беті ашылды

© Sputnik / Табылды КадырбековИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістанда ер адам ашынасын шыны сынықтарымен азаптап өлтірді

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Көңілдесін азаптап өлтірген түркістандық азамат қамауға алынды. Санкцияны Түркістанның мамандандырылған тергеу сотының судьясы шығарған.

Сотталушы әйел архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтау тұрғыны ұлын не үшін азаптап өлтіргені белгілі болды

Оның үстінен ҚР ҚК-нің 99 бабы 1-ші бөлігі, "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Анықталғанындай, екеуара ішімдік ішкен ғашықтардың арасында жанжал туған, деп жазды otyrar.kz.

Шөлмекпен әйелдің басын жарып, шыны сынықтарымен мойын, арқасына бірнеше соққы жасағанын айтқан. Салдарынан 40 жастағы әйел тіл тартпай кеткен.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Ресейдің Губаха қаласында да болған еді. 27 жастағы Татьяна Мелехина 22 шілдеде жоғалып кеткен. Екі апта өткен соң қылмыс ашылып, жергілікті тұрғын ашынасын өлтіргенін мойындады.

Қылмыскер әйелді өлтіріп, өзенге лақтырып жіберген. Марқұмның әкесінің айтуынша, трагедияға қызғаныш себеп болған көрінеді. Жігіт үйленген, кішкентай қызы бар. 


Жаңалықтар
0