Өңірлер

Қостанайда 4 полицей төбелесіп қалды

Полиция қызметкерлерінің барлығы жұмыстан қуылды
Sputnik

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қостанайда түнгі клубтардың бірінде полиция қызметкерлерінің арасында төбелес шықты, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағандыда полицей көлігімен жас жігітті қағып өлтірді

Оқиға 2 қазан күні Қостанайдағы түнгі клубтардың бірінде болған. Барлығы 4 ер адам – бұрынғы полиция қызметкері мен үш сержант қызметтен тыс уақытта төбелесіп қалған. 

"Жәбірленуші жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алды. Пышақ қолданылған жоқ", —делінген ІІД таратқан хабарламада. 

Қазір бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. 

ІІД бастығының бұйрығымен төбелеске қатысқандардың барлығы жұмысынан шығарылды.