АЛМАТЫ, 3 қазан — Sputnik. Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттың мұғалімі шәкіртін шапалақпен бір салып жіберді, деп хабарлады InAlmaty.kz.
Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде бүгін жарияланды. Негізінде мектеп басшылығы роликті 29 қыркүйекте қараған екен.
Белгілі болғандай, 1 қазанда педагог жұмыстан шығарылыпты.
Естеріңізге сала кетсек, 22 қыркүйекте ақтөбелік ұстаз оқушысын ұрып-соқты. Оқиға мектеп әжетханасында болған. Қазір оқу мекемесінде қызметтік тексеріс жүріп жатыр.