Қоғам

Әлеуметтік желіні шулатқан алматылық мұғалім жазасын алды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуМектеп мұғалімінің архивтегі фотосы
Мектеп мұғалімінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда оқушысына қол көтерген мектеп-интернаттың мұғалімі жұмыстан шығарылды

АЛМАТЫ, 3 қазан — Sputnik. Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттың мұғалімі шәкіртін шапалақпен бір салып жіберді, деп хабарлады InAlmaty.kz.

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде бүгін жарияланды. Негізінде мектеп басшылығы роликті 29 қыркүйекте қараған екен.

Белгілі болғандай, 1 қазанда педагог жұмыстан шығарылыпты.

Естеріңізге сала кетсек, 22 қыркүйекте ақтөбелік ұстаз оқушысын ұрып-соқты. Оқиға мектеп әжетханасында болған. Қазір оқу мекемесінде қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0