Өткен жұмада таңертең ерте Сулавеси аралдарының жағалауындағы Палу қаласы жанында екі жер сілкінісі тіркелді: біріншісінің магнитудасы 6,1 балл, келесісі — 7,4 балл.
Жер сілкінісі салдарынан биіктігі екі метрдей цунами пайда болып, қаланы шайып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің көпшілігі жағалаудан қашып үлгермей, жойқын толқынның астында қалған.
Палу қаласының 540 тұрғыны зардап шекті. Табиғи апаттан кейін эвакуациялау және құрбандардың кім екенін анықтау жұмысы жүріп жатыр.
ҚР СІМ мәліметінше, құрбандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Табиғаттың алапат күшінің жантүршігерлік салдарын видеодан қараңыз.