АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісінен кейін қайта жекпе-жекке шықты.
Жойқын соққысының арқасында "әйелдер арасындағы GGG" деген атқа ие болған отандасымыз Мексикадағы бокс кешінде қарсыласын алғаш рет нокаутпен жеңді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Satybaldinova Aida💪🏽👊🏽 (@lady_sparta) 30 Сен 2018 в 3:02 PDT
Сатыбалдинова мексикалық боксшы қыз Вероника Вальтиерраны екінші раундта техникалық нокаутқа түсірген. Ол бұл жайында желіде жанкүйерлерімен бөлісті.
Сатыбалдинова айтқандай, қазір ол бұрынғыдан да күшті әрі ақылды, рингке жаңа білім жинақтап шығып отыр.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Satybaldinova Aida💪🏽👊🏽 (@lady_sparta) 30 Сен 2018 в 3:17 PDT
"Әйелдер арасындағы GGG" биыл жазда америкалық боксшы Селена Барриостан жеңіліп қалған еді. Жалпы Сатыбалдинованың қоржынында кәсіби рингтегі төрт жеңіс бар.