https://sputnik.kz/20180930/aielder-boks-aida-satybaldinova-video-7412432.html
"Әйелдер арасындағы GGG" қарсыласын нокаутқа түсірді - видео
"Әйелдер арасындағы GGG" қарсыласын нокаутқа түсірді - видео
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық боксшы қыздың айтуынша, қазір ол бұрынғыдан да күшті әрі ақылды, рингке жаңа білім жинақтап шығып отыр 30.09.2018, Sputnik Қазақстан
2018-09-30T18:25+0500
2018-09-30T18:25+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/495/77/4957781_0:41:1010:613_1920x0_80_0_0_a6857e7e11dc2a2c18c2ebb67d72075d.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2018
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/495/77/4957781_0:10:1010:644_1920x0_80_0_0_9647a48461a3b2d3caef6f8eafc1d05b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аида сатыбалдинова
"Әйелдер арасындағы GGG" қарсыласын нокаутқа түсірді - видео
18:25 30.09.2018 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазақстандық боксшы қыздың айтуынша, қазір ол бұрынғыдан да күшті әрі ақылды, рингке жаңа білім жинақтап шығып отыр
АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісінен кейін қайта жекпе-жекке шықты.
Жойқын соққысының арқасында "әйелдер арасындағы GGG" деген атқа ие болған отандасымыз Мексикадағы бокс кешінде қарсыласын алғаш рет нокаутпен жеңді.
Сатыбалдинова мексикалық боксшы қыз Вероника Вальтиерраны екінші раундта техникалық нокаутқа түсірген. Ол бұл жайында желіде жанкүйерлерімен бөлісті.
Сатыбалдинова айтқандай, қазір ол бұрынғыдан да күшті әрі ақылды, рингке жаңа білім жинақтап шығып отыр.
"Әйелдер арасындағы GGG" биыл жазда америкалық боксшы Селена Барриостан жеңіліп қалған еді. Жалпы Сатыбалдинованың қоржынында кәсіби рингтегі төрт жеңіс бар.