АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Астанада 29 қыркүйек түні түнде контейнерден салынған жатақхана өртеніп кетті. Өрт Байқоңыр ауданында, Алаш тас жолының бойында болды.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, жатақхана аумағында қоқыс өңдеу зауытында еңбек ететін 25 адам тұрған. Өрт таңғы сағат бесте сөндірілді.
Өрт сөндіру алаңында құтқарушылар кәсіпорын қызметкерлерінің бірінің денесін тапты. Марқұм 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты.
Сарапшылардың есептеуінше, өртенген аумақ 150 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.
Жалынды сөндіруге 19 өрт сөндіруші мен бес арнайы техника тартылды.
Атырауда адамдар тірідей жанып кетті: жатақханадағы сұмдықтың мән-жайы белгілі болды
Бір күн бұрын Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ірі өрт болды, медициналық мекеменің ғимаратынан 102 адам қауіпсіз жерге көшірілді. ТЖД мәліметінше, үзіліссіз қуат беру бөлмесіндегі аккумулятор батареялары жанған.