Оқиға

Астанада Өзбекстан азаматы өртеніп кетті

© Photo : КЧС МВД РКАстанада контейнерден салынған жатақхана өртенді
Астанада контейнерден салынған жатақхана өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Контейнерден салынған жатақханада қоқыс өңдеу зауытының 25 қызметкері тұрған

АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Астанада 29 қыркүйек түні түнде контейнерден салынған жатақхана өртеніп кетті. Өрт Байқоңыр ауданында, Алаш тас жолының бойында болды.

Қаратабанда жатақхана өртенді - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырауда жантүршігерлік трагедиядан аман қалғандар болған жайтты баяндады

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, жатақхана аумағында қоқыс өңдеу зауытында еңбек ететін 25 адам тұрған. Өрт таңғы сағат бесте сөндірілді.

Өрт сөндіру алаңында құтқарушылар кәсіпорын қызметкерлерінің бірінің денесін тапты. Марқұм 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. 

Сарапшылардың есептеуінше, өртенген аумақ 150 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. 

Жалынды сөндіруге 19 өрт сөндіруші мен бес арнайы техника тартылды.

Бір күн бұрын Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ірі өрт болды, медициналық мекеменің ғимаратынан 102 адам қауіпсіз жерге көшірілді. ТЖД мәліметінше, үзіліссіз қуат беру бөлмесіндегі аккумулятор батареялары жанған.   


Жаңалықтар
0