Әлем

Тоғыз оқушыны қанжармен өлтірді: қылмыскер өлім жазасына кесілді

Сәуір айында ер адам өзін бір кездері қорлаған мектепке барып оқушыларға қанжармен шабуыл жасады
Sputnik

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Қытайда тоғыз оқушыны өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілді.

Сиыр өзіне шабуыл жасаған арыстанды арқанмен өлтірді

28 жастағы ер адамға кесілген өлім жазасы бейсенбі күні орындалды, деп хабарлайды РИА Новости. Қылмыскерге өлім жазасын Қытай Халық Жоғары соты санкциялады.

Сжао Цзэвэй 27 сәуір күні Шэньси провинциясы Юйлинь округі Мичжи уезінде оқушыларға шабуыл жасады. Қолына қанжар ұстаған ер адам сабақтан қайтып келе жатқан оқушыларды жарақаттады. Жұма күні тоғыз бала өліп, тағы 12 оқушы зардап шекті.

Қылмыскер өзінің бұл әрекетін бір кездері осы мектепте жүріп қорланғанымен түсіндірген.