Өңірлер

WhatsApp арқылы тараған хабарлама павлодарлықтарды дүрліктірді

Хабарламада әйел адам кішкентай қыздардан телефонға суретке түсіруді өтініп, бұрышқа қарай алып кетуге тырысқаны айтылады
Sputnik

АСТАНА, 27 қыркүйек— Sputnik.  Бейтаныс әйел балалардан суретке түсіруді өтініп, артынан ұрлап әкететіні жазылған аудио хабарлама павлодарлық ата-аналардың чатында тарап кетті.

ІІМ жол шетінен өлі табылған қыздар туралы хабарламаға түсініктеме берді

"Құрметті ата-аналар! Қазір ғана мектептің жанында бір жағдай болды. Осыған балалардың назарын аударуды өтінемін. Қазір мектептен шығып бара жатырмыз. Арина, Эля және мен. Мен қыздардың соңынан келемін. Біздің қыздарға әйел адам келіп, телефонға суретке түсіруді өтініп, бұрышқа қарай алып кетуге тырысқан. Бұған қоса, суретке түсетіндей кейіп танытқан", — дейді хабарламаның авторы. 

Сондай-ақ, оқиға болған жерде күдікті ер адам мінген джип тұрған көрінеді.  Бұдан әрі ата-аналарға балалардың кіммен араласатынына мұқият болуды ескертеді, деп жазды pavlodarnews.kz.

Хабарламаны таратқан ата-аналар бұл жағдайдың № 41 мектептің жанында болғанын айтады.

 Павлодар облыстық ІІД-де мұндай ақпаратты растамады. 

"Тексеріс жүргізілді. Аудиохабарламадағы ақпарат шындыққа сай келмейтін болып шықты", — деді ведомство. 

Дегенмен, бұл WhatsApp-хабарлама бұған дейін Ресейдің Анапа қаласында ата-аналардың мазасын алған.

Семей тұрғыны "Лада-Гранта" көлігін "ұтып алғанына" өкініп қалды

Бірнеше күн бұрын Қостанай полицейлері осы ақпаратқа қатысты тексеріс жүргізген. 

Облыстық ЖПҚ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Бибігүл Қамзинаның айтуынша, хабарламаларға қарамастан, ата-аналар сабақтан тыс уақытта немен айналысып жатқанын білу керек. 

"Балалар ата-аналардың бақылауынсыз қалмауы керек. Ата-аналар кәсіби психолог, полицейлерге және балалармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдарға кеңес алудан қорықпауы тиіс", — дейді Бибігүл Қамзина.