Әлем

Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тірілді"

Сәбидің отбасы болған жағдайға қатты таңғалып, алғыс айтқан
Sputnik

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Дәрігерлер өлді деп денесін мәйітханаға жіберген сәби қайта "тірілді", деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Қостанайда үш балалы отбасы мәйітхана ғимаратында тұрып жатыр

Жағдай Урмия қаласында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, аурухана дәрігерлері алты айлық сәбиді тексеріп шығып, тірі екенінің ешқандай белгілері байқалмаған соң оны өлдіге санаған. Кейін денесін мәйітханаға жіберген. Алайда соңғы сапарға шығарып саларда сәбидің шын мәнінде тірі екені белгілі болды.

Қаланың жерлеу қызметі басшысы Аббас Абединидің айтуынша, сәбидің отбасы болған жағдайға қатты таңғалған.

"Олар есеңгіреп, таңғажайып үшін алғыс айтып жатты", — деп қосты ол.